Семейде Ертіс өзені тармағының су деңгейі көтерілді. Әзірге Полковничий аралығындағы бір үйді су басты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.
Семейде Восточный ауылы мен Полковничий аралына су басу қаупі төніп тұр.
Аралдағы бір үйді су басып, тұрғындарды қонақ үйге орналастырды.
«Қауіпті аумақтарда бақылау нүктелері белгіленді», – дейді ТЖД қызметі.