Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Семейде қар үстіне асфальт төсегендердің видеосы жарияланды

Видео авторының айтуынша, жөндеу жұмыстары “Боровая көшесінде жүргізіліп жатыр. “Жаз бойы қиналдық, жол жоқ еді. Ал енді міне қардың үстіне асфальт төсеп жатыр”, – деп жазды видео авторы.

Жергілікті әкімдіктің жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің өкілдері осы жағдайға байланысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, мұндай жағдай жаңа технологиялармен істеуге болады. “Ауа райы нөлден жоғары кезде асфальт төсей беруге болады. Технология бойынша олар қарды тазалап, сосын барып асфальт төсеуі керек еді. Бірақ бұл жөндеу емес, апатты аймақтарға асфальт себу жұмыстары. Мұнда фрезамен өңделген асфальт төселеді. Негізінде біз жөндеу жұмыстарын аяқтап қойғанбыз. Бұл жұмыстар бюджеттен бөлек істеліп жатыр. Менің білуімше, жергілікті депутат осыған бастамашы болған. Ол жергілікті тұрғындарға көмектескісі келіп, шұңқырларды жамауды қолға алған. Мұндай жағдайда себу үшін осы технология рұқсат етілген”, – деді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, бөлім басшыларының айтуынша, бұл жұмыстар ұзақ мерзімге арналмаған, тек маусымаралық, яғни көктемге дейін, ал ол кезде негізгі жұмыстар басталады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз