Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде із-түссіз жоғалған 18 жасар Әйгерім Әміренова Семей қаласының маңында өлі табылды.
«Бұл сұмдық оқиғаны оның анасы растады. Қыздың денесі қаладан 22 шақырым жердегі ауылдардың бірінің маңайынан табылған»,- деді «Rina KZ Семей» еріктілер қозғалысының көшбасшысы Евгения Павел.