Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Семейде 25 орындық стадион бой көтереді

Жобаға сәйкес аумақта асфальтбетонды жолдар мен алаңдар қарастырылған. Архитектуралық-жоспарлау және инженерлік-құрылымдық шешімдерді әзірлеу барысында аймақтың табиғи-климаттық және геологиялық ерекшеліктері толық ескерілді. Стадион құрылысы 2 жылдан кейін аяқталады.

«Бүгін, міне, стадионның құрылыс жұмыстары басталды. Осы жұмысты бәсеңдетпей, жалғастыру қажет. Қаржысы кезең-кезеңімен бөлінеді. Бұл семейліктердің көптен күткен жаңалығы. Семей – қазақ футболының отаны. Қала тұрғындары футболды жақсы көреді. Сол себепті осындай стадион керек. Көптен бері айтылып жүр. Нысан әзірге Астана, Алматы, Ақтөбеден кейінгі сыйымдылығы жағынан құрылысы жоспарланған стадиондардың арасында 4-ші орынды алады. УЕФА-ның матчтарын қабылдауға мүмкіндік туады, олардың стандарттарына сай келеді. Бұл жаңа ықшам ауданда әлі де қаншама нысандардың құрылысы басталады. Жақын арада маңғыстаулықтар алғаш болып қоршау қойып, жұмыстарын бастайын деп отыр. Ең бастысы, Үкімет тарапынан келісім бар. Құжаттар рәсімделгеннен кейін жұмыстар басталады», – деді аймақ басшысы.

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз