Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Саясаттанушы: билік транзиттік кезеңге өтпей тұрып лауазымды тұлғалар орнын ауыстырды

-Лауазымды тұлғаларды орнынан жылжытуға не әсер болуы мүмкін?

-Бұл сұраққа бірден мынадай деп, дөп басып жауап беруге болмайды. Кадрлық ауыс-түйістің өзі жоқ дегенде үш мақсаты болады. Біріншіден, бұл өзгерісті әдеттегі орын алмастыру деп қарамау керек. Қазіргі саяси ахуалды назарға ала отырып бұл жағдайды-  Қазақстан билігінің транзиттік кезеңге өту барысындағы кадрлық ауысымның бірінші кезеңі деп қарауымыз керек.

Екіншіден, расыменен де кей азаматтардың жаңа ведомстваға келуі, жұмыстың жандануына өз әсерін тигізеді. Үшіншіден, кадрлық ауыс-түйіс болған кезде элита арасындағы тартыс немесе түсінбестіктің болғанын білдіреді.

-Яғни бұл дегеніңіз шенділерді бір креслодан екіншісіне ауыстырып қоясалу емес қой?

-Қазір, лауазымды тұлғаларда бұрыңғыдай өзіне жағдай жасап отыратын кезең емес. Жаңа орынға жайғасу  жақсы дастарқан басында шешілетін дүние емес. Қазір әр салаға тек сол мамандықты толық білетін, мәселесін нақты шеше алатын, Елбасының тапсырмасын 100 пайызға орындай алатын адамдар керек.

Елбасы жаңа тағайындаулар кезінде Жақып Асановтың  елдің Бас судьясы болуын ерекше атап өтті. Президенттің сөзінше сол жүйені осы кісі ғана модернизациялай алады.

Мен Назарбаевтың бұл ойымен толық келісемін. Президент айтқандай Асанов Бас прокурор болған кезде сол саланы айтарлықтай дамытты.

–  Осы өзгерістің барлығы Асанов үшін жасалды деген ой туғызатын сияқты. Себебі, ол жемқорлыққа батқан сот жүйесін ретке келтіреді деген сенім бар

— Әрине кадрлық ауысымның барлығы Асанов үшін емес. Бұл дегеніңіз  сот жүйесі, прокуратура, жемқорлықпен күрес агенттігіне ұзақ уақыттан бері  қажеттілік туып тұрған жағдайдың іске асырылғаны. Байқасаңыз осы үш ірі әрі маңызды орган үнемі сыналатын.

– Қожамжаров туралы не айта аласыз?

– Егер Қожамжаровтың биографиясына қарап отырсақ ол жұмысын ең қарапайым әрі төменгі лауазымдардан бастаған. Сондықтан ол прокуратура жұмысының ішкі дүниелерімен жақыннан таныс. Оның осы саланы іліп алып, дөңгелетіп кететініне 1992 жылы прокуратураның үздік қызметкері атағының өзі дәлел.

– Ал Қайрат Мәми үшін бұл ауыс-түйістің нәтижесі төмендеу ме?

—  Бұл ауысу Қайрат Мәми үшін ұзақ жылдар бойғы саясаттағы қызметін әдемі әрі еңбегіне сай  аяқтау.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз