Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Саясатқа саналы түрде келдім — Нұрлан Әлімжан

430

Жақында белгілі өнер иесі Нұрлан Әлімжановтың мәжіліс депутатына кандидаттығын ұсынғаны белгілі болды. Актер парламенттің төменгі палатасында шенеунік болудан үмітті көрінеді. Мемлекеттік қызметке ауысу туралы Нұрлан Әлімжанов Bugin.kz сайтына айтып берді.

“Ия, әрине, бұл мен үшін жаңа белес. Мен әрқашан елге және қоғамға пайдалы болуға тырыстым. Маған мүмкіндік берілгеніне қуаныштымын. Мені депутаттыққа ұсыну туралы шешім күтпеген жерден қабылданды деп айту қателік. 2017 жылы мен депутаттыққа үміткер болдым. Мен “Нұр Отан” партиясының құрамына 2009 жылдан бері бармын”, – дейді актер.

Бұрыннан-ақ партия құрамында болған ол тағдырына алғыс айтты. Адам жаңа белесті бағындыру үшін үнемі дамып отыру керек деп қысқа қайырды ол. Өнер иесінің айтуынша депутат болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Дегенмен, ол саясатқа саналы түрде келдім деп ағынан жарылды.

“Мен осы ауқымды жобаға қатысқаным үшін тағдырыма ризамын. Бұрындары меннен саясатқа барғыңыз келе ме деп жиі сұрайтын, дәл солай болды. Егер адам өзін-өзі жетілдіруді тоқтатпай, күн сайын дамып, алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер қойса, оларға қол жеткізеді. Мен саясатқа саналы түрде келдім деп нақты айта аламын. Қалай болғанда да, мені депутат етіп сайлау үлкен жауапкершілік жүктейді және мен Қазақстан халқының игілігі үшін жұмыс істеуге бар күшімді саламын”, – дейді Нұрлан Әлімжанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз