Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Сауна ашқанша садиктер неге ашпайды осы?

Білім министрлігі балабақша ашқандарға қолдау көрсетеді екен. “Балапан” дей ме сондай праграмасы бар. Көптеген салықтық жеңілдіктер жасалады екен. Ең басты талап, балаларға жағдай жасау. Жағдай бар ғой үйде, “Балапан” арнасы қосылып тұр. Түскі асқа макарон пісіріп берермін. Бұзаумен ойнайды, қозы-лақпен ойнайды. Құрт жейді, айран ішеді. Балабақша ашу үшін медбикені жұмысқа алу керек екен. Айнашты медик қылып оқытып алармын.

Балабақша ашсам бала көп болайын деп тұр. Айбек 6 баласын, Мұрат 5 баласын, Мика 4 баласын әкеп тастайын деп отыр. Көрші орыс келіншек те 2 баласын бергісі келеді. Сол 2 бала менен аумайды. Андреймен бірге ішіп жүргенде үйінде талай қонып қалып едім. Нина да бірдеңе сезетін сияқты, ана тілдерін біліп өссін деп қазақ балабақшасына бергісі келеді. Осы бастан қазақ балабақшасына бермесем кейін қазақ мектебіне бере алмай қаламын дейді. Мен де сол балалар жат болып кете ме деп уайымдап жанталасып жүрмін ғой. Берейік десек балабақша жетіспейді. Сауна ашқанша садиктер неге ашпайды осы, сауабы мол ғой. Әрі пайдалы,әрі сауапті іс. Балабақшалар көптеп ашылса екен.

Дәулет Серікбай

Facebook-тегі парақшасынан

1477951614_devushka1 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз