Сауд Арабиясында мұнай өндірудің төмендеуі шикізат бағасының өсуіне әкелді. Brent баррелінің құны бес айда алғаш рет баррель үшін 69 доллардан жоғары көтерілді. Қазірдің өзінде бағалар 70 долларға жақындады. Бірақ бұл жеткіліксіз: Сауд Арабиясының мақсаты — 15-20%-ға көтеру.
Бұл дегеніміз, Сауд Арабиясы мен картельдің басқа да елдері ОПЕК+ мәмілесіне көзделген шамадан да қысқартады.
Олар мұны Дональд Трамптың өндіруді арттыруға шақыратын ұрандарының аясында жасап отыр
АҚШ президентіне шикізаттың жоғары бағасы тиімсіз. Бұл автоматты түрде отынның қымбаттауына алып келеді, Трамп бағаны ұстап тұруға тырысады.
ОПЕК бірнеше айдан бері өндіруді азайтқанына қарамастан, нарық бұған тек қазір ғана нақты жауап берді. Бес айда алғаш рет Brent құны барреліне 69 доллардан жоғары көтерілді, ал 2-3 сәуірде сауда кезінде 70-ке жақындады. WTI бағасы да өсуде: сәуір айының бірінші күні күндізгі өсім 2%- ан асты, ал құны бір баррель үшін 61 доллардан жоғары көтерілді.
Бірақ Сауд Арабиясы мұнымен тоқтап қалмақ емес. HFI Research мәліметтері бойынша сәуір айында корольдік экспортқа шикізат жеткізуді тағы да 10%-ға қысқартуды жоспарлап отыр. Kpler және EnergyIntel мәліметтері бойынша сәуір айына жөнелту бойынша жасалған алдын ала жоспар күніне 6,5 млн баррельді құрайды. Бұл наурыз және ақпан айларына қарағанда 600 мың баррельге аз және қараша айына қарағанда 2 млн баррельге төмен.
Бұл нарық үшін елеулі сілкініс болуы мүмкін: өндірудің төмендеу кезеңі сұраныс артатын кезеңге сәйкес келеді. Сәуірде МӨЗ жөндеу жұмыстарының маусымы аяқталады, одан кейін мұнайды тұтыну ұлғая бастайды. Ұсыныс төмендегендіктен, мұнай бағасы артуы мүмкін.
Жалпы баға динамикасына Венесуэланың да қосар үлесі бар
Экономикалық дағдарыс пен ішкі тәртіпсіздік қалыпты өндіріске, ал электр энергиясының жиі өшуі – мұнайды тиеп-жөнелтуге кедергі келтіреді.
Алайда, тек картель елдері ғана емес, сонымен қатар ОПЕК+ уағдаластығының басқа да қатысушылары бағаны төмендетуде. Мұнда басты назар Ресейде. РФ Энергетика министрі Александр Новактың мәліметінше, наурыз айының соңына қарай өндіріс қысқарды. Бұл ретте наурыз айында орташа тәуліктік өндіру қазан айына қарағанда тәулігіне 153 мың баррельге төмен болған.
2019 жылдың сәуірінде Ресей, министрдің айтуынша, “мұнай өндіруді бұрын келісілген деңгейде сақтауға ниетті”.
Сауд Арабиясы өндіруді төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл Saudi Aramco мемлекеттік мұнай компаниясы қаржылық есептілікті жариялағаннан кейін айқын болды. Айта кететіні, бұл 30 жыл ішінде алғаш рет жасалып отыр — мұны халықаралық қарыз нарығына шығару талап етіп отыр.
Есептіліктен байқалғандай,
Saudi Aramco таза табысы 2018 жылдың қорытындысы бойынша 111,1 млрд долларды құрады
Әлемде бірдей табыс табатын компаниялар жоқ. Салыстыру үшін: барлық ірі ресейлік мұнай компанияларының (Газпромнефть, Роснефть, Лукойл, Татнефть, Сургутнефтегаз) табысы үш есе аз – 39 млрд доллар. Капитализациясы жақында 1 трлн доллардан жоғары болған әлемдегі ең қымбат компания Apple 2018 жылы $60 млрд таза пайда тапты. Бұл араб мұнай компаниясына қарағанда екі есе аз.
Бір жыл ішінде $355 млрд табыс тауып, Saudi Aramco 212 млрд-ты салық ретінде және несие берушілерге қарыздарының пайыздарын төлеу үшін берген. 2017 жылмен салыстырғанда ($75,9 млрд) компанияның табысы 48%-ға өсті (2016 жылмен салыстырғанда 8 есе артық).
Алынатын қарыз аса көп емес — $10 млрд екенін ескерсек, Saudi Aramco-ға облигациялар нарығына шығу не үшін қажет болды? Қаражат компанияның өзіне емес, алдағы 12 жылда экономикаға $425 млрд инвестиция салуды жоспарлап отырған ел үкіметіне қажет.
Сауд Арабиясының түпкі мақсаты – мұнайға тәуелділіктен құтылу
2019 жылдың бюджетіне Сауд Арабиясы 295 млрд долларға рекордтық шығын салды. Бұған азаматтарға субсидиялар беру, экономиканы қайта құру жоспарына инвестициялар да кіреді. Бұл үшін, ХВҚ бағалауы бойынша, шикізатқа жоғары баға қажет – бөшке үшін 80-85 доллар. Бәлкім, Сауд Арабиясының да мақсаты осы болар, осыған қол жеткізу үшін олар өнідірісті әрі қарай төмендетуге дайын.