Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
6
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Сауат Мыңбаев: “Өтірік ол. 30 орынбасарым жоқ”

Аталған ақпарат қоғамда қызу талқыға түскен. Осыдан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұны теріске шығарып: “Бір қатар республикалық БАҚ-тарда, ұлттық компанияның ұйымдық құрылымына қатысты, атап айтқанда топ-менеджерлер санының көбеюі туралы қате мәліметтер жарияланғанын хабарлаймыз” деді. Хабарламада былай делінген:

Келесідей ақпаратты хабарлауды қажет деп санаймыз.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрылымы бойынша С.Мыңбаевтың тікелей қарамағында:

  1. Өндіру, мұнай барлау және мұнай-сервистер бойынша атқарушы вице-президенті (Басқарма мүшесі);
  2. Тасымалдау, өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президенті (Басқарма мүшесі);
  3. Газ тасымалдау және маркетинг бойынша атқарушы вице-президенті (Басқарма мүшесі);
  4. Қаржы бойынша атқарушы вице-президенті – қаржы директоры (Басқарма мүшесі);
  5. Трансформация бойынша аға вице-президенті (Басқарма мүшесі);
  6. Құқықтық қамтамасыз ету бойынша вице-президенті (Басқарма мүшесі);
  7. Адам ресурастарын басқару бойынша вице-президенті (Басқарма мүшесі);
  8. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша вице-президенті;
  9. Стратегия бойынша вице-президенті;

10.  Инвестиция және тәуекелдерді басқару бойынша құрылымдық бөлімшесі;

11.  Қауіпсіздік қызметі құрылымдық бөлімшесі қызмет етеді.

Бұның ішінде 7 басшы – Басқарма мүшелері болып табылады.

Егерде жоғарыда аталған лауазымдарды ТМД-ға дәстүрлі лауазымдар номенклатурасы бойынша қарастыратын болсақ, ҚМГ Басқарма төрағасының тікелей қарамағында:

  • 4 орынбасар – бұл 4 атқарушы вице-президент.
  • қалғандары – басқарушы директорлар – вице-президенттер деңгейіне сәйкес келеді.

Жалпы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында 89 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді.

 

c7ae5930418580ca84e36548d71

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз