Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Сатылды: 7 миллион!”. Димаштың киіміне 20 мыңға жуық адам таласты (фото)

133

Киім қытайлық Мpaimai.jd.com ғаламтор сауда желісінде аукционға шығарылған.

Бастапқы бағасы 188 юаньнан, яғни 8 500 теңгеден басталған киімді сатып алуға 19 640 адам қатысып, 32 адам бағаны көтерген. Ең соңында Димаш киген кәстөм-шалбар 158 890 юаньға сатылып, жеңімпазға Iphone 6S телефоны сыйға тартылған.

Mpaimai.jd.com сайтының хабарлауынша, киімді Димаш 27 наурыз күні Шанхай қаласындағы 24-кезекті «China Top music Awards» шарасы кезінде аталмыш сайтқа тарту еткен. Ал сайт атақты әншінің киімін сатудан түскен қаражатты Қытайдағы балалар қорына аударып, көмекке зәру балаларға жұмсайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз