Президент Жарлығымен Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды», – делінген хабарламада.
Сәт Тоқпақбаев 1939 жылы 17 қыркүйекте Алматы облысы Іле ауданының ҚазЦИК ауылында дүниеге келген. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы, Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі.