Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Сары ала қаздай”. Үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекованың тойы ерекше өтті (фото)

211

Той ақ және, сары түспен безендірілген, келген қонақтар да соған сәйкесінше киінген.

“Арнайы дайындалдық. Негізі сары көйлек табу оңай емес қой. Оған аксессуарлар іздеп біраз әлек болдық. Десе де сондай әдемі бір тамаша той боп жатыр. Бүгінгі тойдың ерекшелігі қыздар сары киіммен, жігіттер ақ киіммен келді”, – дейді жұлдызды жұп Әділ мен Дана.

 

Ақботаны бірі өнердегі әпкем деп, бірі сіңілім деп жұлдызды қонақтар бірінен соң бірі тілек білдірді.

“Әр түрлі тағдыр бар. Бір адамның тағдырын бір адам қайталай алмайды. Сондықтан Алла кімге қандай тағдыр жазған сол бойынша жүріп өтеді ғой. Ақбота апайымыз әлі 18-дегі қыз сияқты. Алла бағын ашсын. Бақытты болсын деп тілек айтамыз”, – дейді әнші Ердос Қанаев.

Отау құрған жұпқа Шаһизада да ақ тілегін ақтарды.

“Ақбота, айналайын менің сіңілім ғой енді, балапаным деп айтам. Жаңадан отау құрып жатыр. Өзі айтпақшы, қанша отау құрса да, қанша тұрмысқа шықса да мынау осы құрып жатқан отауы бір жаңадан күйеуге шығып жатқандай сондай бір сезіммен боп жатқан шығар деп ойлаймын. Солай да болсын. Өйткені өмір жалғасып жатыр. Сондықтан бағы ашылсын”, – деді әнші.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз