Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Саркозидің әйелі де жүр”. Дональд Трамптың тоғыз көңілдесі… (фото)

155

Шығыс Еуропадан шыққан сұлулар Трамптың әлсіз жері. 1977 жылы Дональд сол кездегі Чехияның нөмір бірінші сұлуы Иванаға үйленеді. Екеуі 25 жыл бойы тату-өмір сүреді. Ажырасқан кезде Трамп Иванаға 25 млн. доллар төлепті. 

Виктория Здрок

 

Әйгілі ерлер журналының моделі Виктория Здроктың мінезі қиын болған деседі. Трамп онымен ұзақ тұра алмады. Екі жаққа кетіскенде модель Трамптың біраз былықтарын әшкерелейді. Алайда Дональд та қарап қалмайды. Модельдің өткен өмірі туралы бірқатар сенсациялық деректерді жария етеді. 

Роуэнн Брюэр

Мэриленд штатының миссі атанған бұл сұлумен Трамп кездейсоқ жолығыпты. Миллиардердің үйінде кештен кейін Роуэнн таңертең Трамптың төсегінде оянған. Дональ өз кезегінде кезекті ғашығына ең қымбат сыйлықтар жасапты. Жеке тікұшақ, әлемдегі ең қымбат гаухартастарды сыйға тартқан. 

Мелания Кнаусс

 

1996 жылы Словенияның супермоделі Мелания Кнаусс Нью-Йоркке көшіп келеді. Келе сала Американың атақты сән журналдарына шыға бастайды. Оның Sports Illustrated журналында шыққан суретін көрген Трамп естен тана ғашық болған. Кейін Кнаусспен қаладағы қымбатты кештердің бірінде жолыққан. Міне, содан бері бұл екеуінің жұбы жазылмай келеді. Мелания Трамп қазіргі күні АҚШ-тың бірінші ханымы. 

Габриэла Сабатини

Трамптың аргентикалық теннисші қызбен арадағы махабаты қысқа болды. Бір айға ғана созылды. Трамптың өзі мұны мойындамайды. Ал папарацилер дәлел ретінде бұл екеуінің демалыс кездеріндегі суреттерін таспаға түсіріп алған.

Кара Янг

Бұл бикеш те супермодель. Трамп Карамен 2001 жылы көңіл қосқан деседі. Жас қызға басы айналған Дональд оған ең керемет сыйлықтарды тарту еткен. Журналистер бұл екеуінің соңына түсіп алады. Зерттеу жүргізеді. Миллиардер өзінің бұл қызға қатысы барын мойындамайды. Тіпті, бұл мақсатта Караны радиоэфирге де шақырады. 

Марла Мейплс

Трамп пен Ивананың шаңырағын ортасына түсірген осы сұлу. Трамптың айтуынша, Марланың жанында ол өзін нағыз еркек сезінген. 

Ингрид Сенхейв

Жоғарыда айтқан Марла Мейплспен айрылысқаннан кейін Трамп біраз уақыт өз-өзіне келе алмай жүреді. Міне сол кездері тағы бір супермодель Ингрид Сенхейв миллиардердің солығын басқан. 

Карла Бруни

Бұл бикеш Францияның экс-президенті Николя Саркозидің әйелі. Алайда оған тимей тұрып Эриком Клэптон,  Мик Джаггер және бүгінгі әңгімеміздің кейіпкері Дональд Трамппен көңіл қосқан. Оның ықпалды еркектердің басын айналдырып алатын қандай құдіреті бар?  

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз