Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Сарқан ауданында ауыл тұрғындары 35 шақырым жолды өздері жөндеп алды

Мұқан Төлебаев ауылының тұрғындары алдымен ортақ қор құрып, сосын сол қаражатқа Лепсі ауылына дейінгі жолдың шұрық тесігін жамап, тегістеп шыққан. Ауылдастарына үндеу тастап, асарды ұйымдастырған жергілікті кәсіпкер Руслан Сәттібеков. Оның айтуынша, бұл жол ең бірінші кезекте ауыл халқы үшін қажет.

«Бұл біздің күнделікті жүретін жолымыз. Сондықтан «мемлекет қашан жасап береді» деп қарап отырмай өзіміз іске кірістік. Бұл жерде мәселе аудан немесе облыс билігін сынау емес, қайта әкімдіктегілердің бір жағына шығысып, басқа ауылдарға үлгі болайық деген ниетте болдық», – дейді кәсіпкер.
Имандылық жолында жүрген Руслан Сәттібеков ең бастысы, ауыл тұрғындарының сауапты іс атқарғанын да айтады.

 Ауыл тұрғындары 35 шақырым жолды өз күштерімен жөндеп шықты «Себебі жол және көпір салу сауабы еселенетіні туралы Құранда да айтылған. Ал өзге ақпарат көздері мен әлеуметтік желілерде қазір бас салып жергілікті билікті сынауға кірісті. Ол дұрыс емес. Біз бұл жұмыстарды ауыл әкімдігімен бірлесе атқардық», – дейді асарды ұйымдастырған Руслан Сәттібеков.

Жөндеу жұмыстарына ауылдың 50-60 тұрғыны, 20-дан астам техника тартылған. Материалдарға 500 мың теңгедей қаражат жұмсалыпты. Алматы облысы: Ауыл тұрғындары 35 шақырым жолды өз күштерімен жөндеп шықты Айта кету керек бұл жол КСРО Халық әртісі, әйгілі композитор Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығы аясында ағымдағы жөндеуден өткен. Бірақ уақыт өте тозыңқырай бастаған.

Ұйымдастырушылар біраз күш және қаржы жинап алғаннан кейін қалған 7-8 шақырым жолды жөндейтінін атап өтті. Алматы облысы: Ауыл тұрғындары 35 шақырым жолды өз күштерімен жөндеп шықты

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз