Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Сарапшылар Маминнің жетістіктері мен кемшіліктеріне баға берді

150
Сурет: Sputnik / Болат Шайхинов

Премьер барлығының көңілінен шықты

Сауалнамаға қатысқандардың 55%-ның пікірінше, Мамин өзіне жүктелген міндеттерді жақсы атқаруда. Дегенмен, жақсы атқаруда дегенде оның тек техникалық орындаушы болып отырғанына меңзейді».

Сарапшылардың пікіріншея:

қазіргі саяси координаталар жүйесінде премьер-министрдің тұлғасы тек тәуелді айнымалы секілді

«Егер талап дұрыс қойылса – нәтижесі де жақсы болады», «егер премьерге критерийлері нақты  қойылған түсінікті тапсырмалар берсе, ол бұдан да жақсы нәтиже көрсетер еді. Жалпы алғанда ол жұмыс істей алады», — дейді сарапшылар.

Атқарғыштық, қазіргі саяси жағдайда теңгерімді таба білуі — Маминнің сөзсіз артықшылықтары.

Асқар Мамин бастаған үкімет бір жылдың ішінде қандай нәтиже көрсетті?

— Мамин барлығының, соның ішінде элиталық топтың, президенттің көңілінен шығып отыр, Ол көпшілік аллдына көп шығып, өзіне көңіл аударта бермейді», — деген пікір білдірді респонденттер.

Сарапшылардың арасында

«егер басшының тәжірибесі аз болса, біздегі барлық деңгейдегі кадрлармен жағдай бұдан да нашар болар еді» деген пікір бар.

Сауалнамаға қатысқандардың 53% оны саяси түйсігі бар, министрлер кабинетін бағындыра алатын тәжірибелі басшы деп есептейді. Сондай-ақ саяси элита екіге бөлініп жатқанда ол мүдделер теңгерімін тауып, кейбір кезде ынталандыру шараларын қолдануда».

Көп үміт артпағандықтан, көңіл қалдыратын сәттер де аз болды

Мамин өз міндеттерін атқара алмай жатыр деп ойлайтындардың саны оны жақтайтындарға қарағанда аз болып шықты. Барлығы —  45%.

— Төмен баға қойғандар қабылданған шешімдердің тиімсіздігі, ескі әдістерді қолдануға бейімдігі, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу әдісі, көп бастама көтермейтіндігін алға тартқан, — дейді зерттеу авторлары.

Әлеуметтанушылар сарапшылардың әуел бастан-ақ премьер-министрден көп үміт күтпегенін атап айтты. Сұралғандардың:

  •  52% — аса көп үміт артпаған,
  • 35% —ешқандай жақсы өзгеріс күтпеген,
  • 13% — күткен өзгерістерінің біразы орындалған.

Сондай-ақ, әлеуметтанушылар бағалау барысында

шешім қабылдау орталықтарының арасында  теңгерімді таба білу қабілетіне емес

қабылданған шешімдердің тиімділігіне  және халықтың өмірін жақсартуына баса назар аударған.

— Қоғам

жаңа экономикалық стратегия қабылдау, жалпы алғанда өмір сүру сапасын арттыру және бизнес жүргізу жағдайын жеңілдету

тұрғысынан талаптарды күшейтуде.

Сондықтан шешім қабылдауда  ескі саяси әдіс-тәсілдерді қолдану, болашақты пайымдау қабілетінің, қоғамды, экономиканы дамыту жоспарларының болмауы,  қабылданған шешімдердің салдарын бағалай алмауы атқарушы биліктің әлсіздігі деп бағаланып, қоғам тарапынан сынға ілінеді, — деп атап өтті зерттеушілер.

Кімнің ықпалы күштірек?

Сұралғандардың 74%-ы қазіргі министрлер кабинетін «корпоративтік экономикалық стратегияның бағыттаушысы» деп бағалайды. Мұндағы дегеніміз биліктегі әлеуметтік топтың (корпорация) мүддесіне жұмыс істейді.

Сауалнаманың нәтижесі бойынша, қазіргі экономикалық жағдайға

көбінесе дәстүрлі мемлекеттік аппарат институттары емес, жаңа форматтағы субъектілер ықпал етеді

Сарапшылардың пікірінше, ең ықпалды субъектілер тізімі мынандай:

  • ірі бизнес (3,95 балл),
  • квазимемлекеттік сектордағы кәсіпорындар (3,43 балл),
  • екінші деңгейлі банктер (3,27 балл).

Мемлекеттік субъектілердің арасынан Ұлттық банкті (3 балл) және президент әкімшілігін (3,13 балла) атауға болады.

Ел экономикасына ықпал ету деңгейі бойынша ел Үкіметі тек 6 орында (2,95 балл). Ал парламент  1,81 балл алып, тізімнің ең соңына жайғасты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз