16 жыл бойы өңделген және 50 млрд доллар көлемінде инвестиция құйылған Қашаған кеніші алғашқы мұнай партиясын экспортқа шығарды.
Қазақстанның Энергетика министрлігі кәсіпорынның 26 500 тонна мұнайдың еліміздің мұнай құбырлары арқылы экспортқа жіберілгенін мәлімдеді. Оның 7 700 тоннадан астамы Каспий құбұр желісі желісі консорциумына жіберілді. Тұрақты өндіріске қол жеткізу үшін „біршама уақыт„ қажет болады, өйткені, министрліктің мәлімдеуінше, іске қосу мен жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін қайраңда және жағада жүргізіліп жатыр.
Қашаған, ғарыштан көрініс
Қазір Қашаған мұнайы соңғы үш жылда төмен бағалар өктемдік етіп отырған әбден қаныққан нарыққа шығарылуда. Атап айтарлығы, Қашағаннан жеткізілетін мұнай көлемі ОПЕК-ті 2017 жылға жасаған болжамын қайта қарауға мәжбүр етті.
— Өндірісті жандандандыру бағаның, тіпті, қазіргі жағдайында да жағымды нәрсе, өйткені ол осыншама құйылған инвестициялар қаржысының қайтарылатын көзбен көруге мүмкіндік береді. Нақты қайтарым 2-фазада орын алмақ, ол кезде өндірісті күніне 1млн баррельге дейін көтеру әлеуеті болады, — деп мәлімдеді Парижде IHS Energy компаниясының аға сарапшысы Эндрю Нэфф.
Eni SpA-дан 2009 жылы басқаруды өз қолына алған Солтүстік Каспий өндірістік операциялық компаниясы күніне 370 000 баррель мұнай өндіретін мақсатты деңгейге жету үшін өндірістік қуатты біртіндеп арттырып жатқанын мәлімдеді. Ол деңгейге 2017 жылдың соңына қарай қол жеткізілетін болады. Алайда британиялық Mackenzie Ltd. консалтингтік фирмасы 2017 жылы күніне тек 154 000 баррель қол жеткізіледі деп болжауда.
Қашаған Eni акцияларының құнына тікелей әсер етті. Олкар өткен жұмада 2.4 пайызға (13.48 еуроға дейін). Осымен бір мезетте теңге 0.3 пайызға нығайып, бір доллардың құны 330.45 теңге сомасында тұрақтанды.Бұл қазақстандық валютаның маусымнан бергі ең жоғарғы көрсеткіші.
Шындап келгенде, Қашаған осыдан кемінде 10 жыл бұрын іске қосылу керек еді. Қайраңдағы кенішті іске қосу бұрғылау жабдықтарын орнату үшін шалғайдағы аралдар салу қажеттілігі бойынша ұзартылды. Өндіріс 2013 жылғы қыркүйекте іске қосылған болатын, бірақ бірнеше айдан кейін құбырлардағы ақаулар анықталғандықтан ол тоқтатылды.
Жаһандық мұнай нарығының әбден қанығуы мұнай бағасының 2014 жылғы деңгейдің жартысына дейін құлауына әкеліп соқты. 12-қазанда ОПЕК өкілдері 2017 жылы ОПЕК-ке кірмейтін елдердің мұнай жеткізуі күніне 240 000 баррельге дейін өседі деп мәлімдеді. Бұдан бір ай бұрын ұйым өндірісі 200 000 баррельге дейін өседі деп болжалаған еді, ал одан бір ай бұрын құлдырау болады деген болжам жасалған болатын.
Қашағанның иелері бірнеше рет алмасты. Қазақстан өзінің үлесін өсірді және қазіргі таңда оның ұлесі 16.88 пайыз,
Eni, Total SA, Royal Dutch Shell Plc және Exxon Mobil Corp. Компанияларының әрқайсысына 16.81 пайыздан келеді. Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясына 8.33 пайыз акциялар пакеті, Inpex жапон корпорациясына 7.56 пайыз акциялар пакеті тиесілі.
Дереккөз: Bloomberg