Ақтөбедегі беделді оқу орындары дүркіретіп хэллоуинді тойлады.
Қазақ-орыс халықаралық және Жұбанов атындағы өңірлік университеттерінің студенттері мұндай шараға дән риза екендіктерін жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Жыл сайын қазанның 31 жұлдызында тойланатын мереке биыл да атаусыз қалмады. Білім ордаларында ұйымдастырылған шараларға жастар көп жиналды. Бет-ауыздарына бояу жағып, қорқынышты кейіпке енген жастар арнайы шоу бағдарлама жасап, соңы би кешіне ұласты.