Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Сапарбаев орынбасарына: Ұйықтасаң, ұйықтайтын жерге барасың

“Халықаралық әуежайы бар Ақтөбеде шетелге ұшатын екі ғана әуе рейсі бар. “Жұмыс көп, ал сен отырсың “ұйықтап”. Әзірге ештеңе жасап жатқан жоқсың. Ұйықтасаң, ұйықтайтын жерге барасың”, – деді өңір басшысы.

Күні кеше Сапарбаев қоластындағы шенеуніктер мен мектеп директорларының жұмысын сынға алып, өзін “патша” сезінетін әкім-қараларды орнына қойған еді.

Облыс әкімі былтырғы жылы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді талдау барысында «ұйықтап жүрген әкімдерді» сын садағына алған. Сапарбаевтың айтуынша, ауыл әкімдері мен мектеп директорлары өздерін «патша» сезінеді.

«Бұлар өмір бойы осылай әкім боламын деп ойлап жүр. Мен оларға үнемі бұл сендердің әкелерің сатып алып берген қызмет емес деп ескертемін. Байқап отырсам, мектеп директорлары мен ауыл әкімдері бас-басына «хан» болып алыпты. Мектеп пен ауылды өздерінің жеке меншігі деп ойлайды. Қазіргі заман ұйықтайтын заман емес. Ол уақыт әлдеқашан өтіп кеткен», – деген еді Бердібек Сапарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз