Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Сапарбаев Елбасына Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық өсімін баяндады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмалардың орындалуына тоқталды. Оның сөзінше, бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылған. «Туған жер» республикалық форумы кезінде өңірге 21 елден 300-ден аса ақтөбелік келді.

Нәтижесінде 25 күрделі операция жасалып, жүзден астам кездесу, семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізілді. Жалпы құны 76 миллиард теңге болатын 20 меморандумға қол қойылды. Форум қатысушылары аймақтың дамуына тағы 5 миллиард теңге көлемінде демеушілік көрсетеді. Бердібек Сапарбаев мемлекеттік-жеке меншік серіктестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту аясында атқарылған жұмыстарды да баяндады. Өңірде құны 50 миллиард теңгеден асатын 125 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз