Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

“Санын жарқыратып”. Пианинода ойнаған қыздың киімі жұртқа жақпай қалды

364

Музыкалық дарыны бар, сымбатты қыз қысқа көйлек, біз өкше туфли киіп, Бах пен Моцарттың музыкасын беріліп орындайды.

Пианист қыздың концерттер мен студияда түсірілген видеоларын әлеуметтік парақшасында мыңдаған адам тамашалапты. Бірақ арудың аудиториясы екі жақ болып бөлініп алған сияқты. Музыкантты сынға алғандар оның киім киісін ғана емес, орындау қабілетін де сөгіп жатыр.

“Бұлай тек гинекологтың кабинетінде ғана отыруға болатын шығар! Жә, Шопенді қойшы, ең бастысы – аяғым қандай әдемі дей ме? Айыпқа бұйырмаңыздар”, – деп Marika атты Twitter қолданушысы ашуын жасырмады.

Оның ойынша Лоланың орындау шеберлігі “түкке тұрмайды”.

“Мына бетсізді қараңыздар, ұятты жерін шашымен ғана жауып отыр!”, — деп жазды Рыжий Бэтмен.

“Сізге рахмет. Аузына келгенді жазатындарға мән бермеңіз… Қанатыңыз талмасын…”, – деп жазды rafael__guseynov Іnstagram желісінде.

 

Ол алты жасынан бастап музыкамен айналысқан. Әуелі Ташкенттегі Успенский атындағы музыкалық мектебінде білім алып, кейін Мәскеу консерваториясында оқыған.

Лола жеке концерттерімен, оркестрмен Германия, Франция, Италия, Австрия және Ресейде көрермен қошеметіне ие болды.

2003 жылы Астанова АҚШ-қа қоныс аударған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз