Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
8
USD
444
+1.32
EUR
475
+0.35
RUB
4.83
+0.09

Санкциялар қаупі және теңгенің одан әрі құлдырауы – қаржыгер Украинадағы соғыстың салдары туралы 

942
Фото: kapital.kz

Украинадағы соғыс көптеген елдің экономикасына айтарлықтай жағымсыз әсер етті. Қазақстан да қалыс қалмады, рубльден кейін ұлттық валюта бағамының құлдырауы осының айқын дәлелі. Тіпті бағасы барреліне 118 долларға жеткен қымбат мұнай да құтқара алмауда.

Бұл ретте Қазақстанға тікелей де, жанама да санкциялар қаупі төнді. Ұлыбритания өкілдері Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне байланысты Қазақстанға қандай да бір санкциялар салуға ниетті емес екеніне сендірді. Бірақ жағдай соншалықты тез өзгеріп жатыр, тек болып жатқан жағдай бізге қалай әсер ететінін болжау ғана қалады…

Ресейліктен қазақстандыққа

Қаржыгер Расул Рысмамбетовтың пікірінше, Қазақстанға тікелей санкциялар салынбайды, өйткені ол әскери қақтығысқа белсенді қатыспайды. Бірақ егер біздің еліміз санкцияға ұшыраған ресейлік компаниялармен тығыз ынтымақтастық орнатса, онда салынуы мүмкін.

Расул РысмамбетовРасул Рысмамбетов. Фото: kapital.kz

— Солай болуы да мүмкін, бірақ екіталай. Қазір ресейлік бизнесмендер Қазақстанға белсенді түрде “шабуыл жасап” жатқанын білемін – елімізден кеңселер ашып, азаматтық алғысы келуде. Менің ойымша, оның белгілі бір артықшылықтары бар, егер бұл кәсіпорын, әрине, санкцияға ұшыраған кәсіпорын болмаса.

Бірақ жалпы қазір негізгі активтерді Қазақстанға қарай бұру туралы әңгіме болып отырған жоқ. Мен сөйлескен ресейліктер біздің елге тек бас компаниясын ғана орналастырғысы келеді. Яғни, бұл қазақстандық өнім болмақ

Бұл ретте біз оның бейбіт мақсатта да және әскери мақсатта да қолданылуы мүмкін қосарланған мақсаттағы өнім болмауын қадағалауымыз керек. Мысалы, корейлер енді Ресейге жартылай өткізгіштерді жеткізбейді делік. Егер біз оларды Кореядан сатып алып, Ресейге жеткізуге тырыссақ, бізге қарсы қатаң санкциялар қолданылуы мүмкін. Оған жеткізбеу үшін біз халықаралық талаптарды сақтауымыз керек.

2014 жылғы жағдайдың қайталануы

Екінші деңгейлі санкциялар, оның айтуынша, бізге Ресей экономикасы арқылы әсер етуде.

– Біз теңгенің рубльдің соңынан құнсызданғанын көріп отырмыз. Бірақ теңге бағамы қандай болатындығы туралы енді бір апта бұрын ғана болжауға болады. Соғысқа дейін теңге мен рубль арасындағы тепе-теңдік 5,8:1 болды. Бірақ қазір Ресейге қарсы салынған санкциялар аясында 4,4:1. Тепе-теңдік өзгеріссіз қала алмайды, өйткені қазір Ресей экономикасы қатты дағдарыста. Сондықтан теңге қазір рубльге қарағанда тұрақты болатыны сөзсіз.

Қазір Ресей барлық жерде жолды жауып жатыр. Енді олардың азық-түлік ағынын күтуге болады. Олар бұрын да жергілікті нарықты толтырып тұрған, енді бізге екі еселенген мөлшерде келеді. Бұл жағдайда 2014 жылы бүкіл Қазақстан Ресейге сауда жасауға, оның ішінде автомобиль алуға да ағылған жағдай қайталануы мүмкін.

Егер қазір рубль одан әрі құлдырайтын болса, онда бір шара қолдану керек – теңгені әлсірету немесе тауарларды әкелуге кедендік шектеулер қою керек. Бірақ оларды келісім-шарт бойынша жұмыс істейтіндер үшін емес, арнайы барып, арзан болғандықтан бірнеше жүк көлігімен сатып алатындар үшін енгізу қажет. Шектеулер тыйым салудан осы арқылы ерекшеленеді”, – дейді ол.

Қайтымсыз салдары

Рысмамбетов Қазақстанның сыртқы саясатына да баға берді: қазіргі қиын жағдайда еліміз көпвекторлы қағидатты ұстануды жалғастыруда.

— Бұл жағдайда біз адамдарға гуманитарлық көмек ұйымдастыруға дайын азаматтық қоғамның бар екенін дәлелдедік. Украина президенті Зеленскиймен әңгіме барысында Тоқаев гуманитарлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселелерін талқылады.

Қазақстанның бейтарап саяси ұстанымы біздің Ресеймен ұрысқымыз келмейтінімізге байланысты. Сонымен қатар, Ресей тарапының іс-әреккетін қазір болжау мүмкін емес – олардың саяси әрекеттері бізді тығырыққа тіреді. Жақында ғана президент біздің одақтас мемлекет екенімізді айтты және кенеттен бізбен кеңеспестен Ресей ауқымды соғыс бастап кетті

Нәтижесінде ұлттық валютаның бағамы қазір толығымен геосаясатқа байланысты болып тұр. Егер орыстардың немесе украиндардың Қарулы Күштердің қандай да бір әрекеттеріне байланысты, Украинада кенеттен АЭС жарылса, әрине оған Ресей кінәлі болады. Сосын санкциялардың әсерінен рубль “нөлге” айналатындай “тайғанауы” мүмкін.

Сол кезде теңгенің жағдайы қалай болатынын елестету қиын. Толық түсінікті болу үшін акцияларға қатысты жағдайды мысал ретінде келтірейін: соғысқа дейін олар 15 доллардан сатылды, қазір ол 1 цент — 150 есе төмендеді. Ресейде компаниялар қазір құнының 90%-ын жоғалтуда, ал кейбір олигархтар күніне миллиард доллардан айырылуда. Ресей армиясы негізінен солардың есебінен өмір сүруде.

Бұл жағдайда болжам жасау қиын. Бір нәрсе анық: біздегі қайғылы қаңтар оқиғалары Украинада болып жатқан жағдаймен салыстырғанда “түк емес” болып қалды”, — деп қорытындылады қаржыгер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз