Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Санкт-Петербургте жүк көлігінің кабинасында асылып өлген азаматтың кім екені белгілі болды

Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

«Санкт-Петербургтегі Бас консулдықтың қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін дереу жергілікті құқыққорғау органдарына байланысқа шықты.

Тергеушінің ақпараты бойынша, 9 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласының Фрунзе ауданында орналасқан София көкөніс базасында жүк көлігінің кабинасында 1972 жылы туған Қазақстан азаматының денесі табылды.

Алдын ала деректерге сәйкес, ол өз-өзін буындырудан болған ауа жетіспеушілігінен қаза болған», – деп хабарлады Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта РФ құқыққорғау органдары аталмыш істің мән-жайын анықтау үстінде.

«Бас консулдық қажетті құжаттарды толтыруда консулдық-құқықтық көмектер көрсетіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк Шымкентке 11 желтоқсанда жеткізілетін болады», – деп түсіндірді ҚР СІМ өкілі.

Айта кетсек, аталмыш оқиға туралы бұған дейін жергілікті БАҚ хабарлаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз