Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Сан-Францискодағы үйсіздерді карантин кезінде қонақ үйлерге орналастыруда

166
Сан-Франциско
Ербол Есқалиев 17 жылдан бері отбасымен бірге Сан-Францискода тұрады.  $PSX Phillips 66 мұнай өңдеуші компаниясында IT-маман болып жұмыс атқарады.

— Ербол, карантин мұнай саласына қалай әсер етті?

— Электрлік қозғалтқыштар мен баламалы жанармайға қатысты инновацияларға қарамастан, мұнай өнімдеріне, соның ішінде Азия елдерінен тауар жеткізуге қажетті солярканың сұранысы тек артуда. Азиялық өнімдерге сұраныс төмендеген жоқ.

Калифорния — ең қымбат штаттардың бірі, онда мұнай өнеркәсібі өте көп салық төлеуі керек. Егер бір бензин галлоны орта есеппен $3 тұрса, оның жартысы тікелей штат бюджетіне кетеді.

Әрине, коронавирус эпидемиясы ЖЖМ-ды тұтыну деңгейін төмендетіп жіберді. Самолеттер жерде, ал кемелер айлақтарға шынжырмен байланып тұр.

Мұнай өңдеуші компаниялар қызметкерлерінің санын қысқарып, біраз уақытқа өндіріс көлемін де азайтты. Дегенмен, жұмысты толық тоқтатады деп айта алмаймын.

Әскери кемелерге, тасымалдаушы ұшақтар мен ауыл шаруашылығындағы техникаға жанармай керек

Сондықтан әзірше бұрынғы режимде жұмыс істеп жатырмыз.

Үйде тамақ жасайтын уақытымыз да, күшіміз де жоқ

— Бізде америкалықтар туралы көптеген таптаурындар қалыптасқан. Олардың бірі тамақтануға қатысты. Америкалықтар тамақ жасай алмайды, жартылай дайын өнімдерді сатып алады, фастфутқа тапсырыс береді деп ойлаймыз. Карантин бұл әдеттерге өзгеріс енгізе алды ма?

— Иә, көптеген америкалық үйде жұмыс істеуге үйренбеген. Бұл мәдениеттеріндегі ерекшелікке байланысты.

Америкада екі нәрсе — уақыт пен ақша маңызды

Барлық мекемелер мен кеңселер  8:00-ден 18:00-еға дейін, түскі асқа үзіліс жасамай жұмыс істейді. Кешгуге болмайды. Жұмыста көп уақыт өткізуің керек.

Егер алматылықтар  үшін әл-Фарабидің бойындағы кептеліс қорқынышты болса, бір ғана Бэй Ариада (Сан-Франциско – Окланд – Сан- Хосе қалаларының ауданы) 7,5 млн адам тұрады. Ал бұл небәрі үш шағын қала.

Автокөліктер бір бағытта орта есеппен  біржарым сағат кептелісте тұрады. Сондықтан үйде тамақ жасауға уақыт жоқ

Бастапқыда маған бұл адамдардың жалқаулығынан болар деп ойлайтынмын. Бірақ уақыт өте келе, жұмыс адамдардың бар күшін сарп ететінін түсіндім.

Барлық бизнес және мемлекет құрылымындағы салалар дамығаны сонша, онда бір адам бірден төрт адамның қызметін орындай алады.

Шаршағаның соншалықты, жұмыстан кейін тамаққа тапсырыс беріп, Нетфликсті қосып, диванда жатып демалғың келеді.

Карантин кезінде тамақ жеткізумен айналысатын компаниялардың жұмысы бұрынғыдан да жақсы жүрді

Бірақ адамдар өздеріне қандай тағамның зиян екенін түсінеді. Сондықтан, фастфуд компанияларының пиар менеджердері жағдайды пайдаланып, өздерінің бизнесін дамытуда,

Штатта «Матрица» фильміндегідей экономикаға көбірек пайда әкелсін деп адамдардың «қамын ойлайды».

Үйсіздер мен карантин

— Сан-Франциско ірі қала ғой. Билік азаматтардың оқшаулану ережелерін сақтауын қалай қадағалайды?

— Солтүстік Калифорния, Кремний алқабы, штаттың астанасы Сакраменто. Барлық аймақ карантинге жауапкершілікпен қарайды. Адамдар әлеуметтік қашықтықты сақтағаннан  ауру жұқтырудың жаңа фактілері тіркелген жоқ.

Алайда, өкінішке орай, басқа проблема бар — үйсіздер өте көп.

Штаттың оңтүстігі мен солтүстігінде картон қораптарынан жасалған шағын қалалар пайда болды

Сан-Францискода миллионға жуық адам тұрса, оның 10 мыңы үйсіздер.

Үлкен корпорациялар мен жергілікті үкімет бұл мәселені соңғы 5 жылда шешуге тырысып жатыр. Пандемияға байланысты қала мэриясы үйсіздерді қонақ үйлерге орналастыруды ұсынды. Оларды басқаша қорғау мүмкін емес.

Қазір жоспарын әзірлеуде, келесі аптада қонақ үйлерге орналастыра бастайды.

Жалпы, халықты ерекше бақылауда ұстаудың қажеттілігі жоқ, бірақ штаттың экономикасы өте қауіпті жағдайда тұр. Губернатор мен федералды үкімет әлемнің ең ірі экономикаларының бірін қайта іске қосу жоспарын әзірлейді.

Трамп және әлеуметтік желі

— Ербол, біздің Алматыдағы қалалық әлеумет әлеуметтік желілерде түрлі талқылаулар жүргізуде. Енді тіпті министрлер де Facebook арқылы жауап беріп, онлайн-брифинг өткізеді. Ал карантин кезінде Сан-Францисконың тұрғындары мен билік өкілдері өзара қалай араласады? Әлеуметтік, діни, ұлттық мәртебесіне қарай бөлу бар ма?

— Америкалық үкімет — Ақ үйден жергілікті билікке дейін әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады. Президенттің пандемия мәртебесі туралы апта сайынғы үндеуін көптеген адам оқиды. Сонымен қатар, штаттың әрбір губернаторы тұрақты түрде өтетін баспасөз конференцияларына уақыт бөледі. Менің ойымша, бұл өте тиімді.

Ақпарат үшін көбінесе Twitter пайдаланылады. 2016 жылғы сайлаудан кейін Facebook-тің танымалдылығы төмендеді.

Мен вирустың салдарынан ерекше бөлектеуді байқамадым. Керісінше, адамдар ұйымшыл бола бастады, бір-бірін әртүрлі жолмен қолдайды. Дәрігерлерге және індетпен күресте алдыңғы шепте жүргендерге үлкен қолдау көрсетілуде.

Көптеген компания қарапайым халыққа да, дәрігерлерге де түрлі көмек беріп, қолдауда.

Мәселен, АТ&Т телекоммуникациялық компаниясы елдегі барлық медициналық қызметкерлердің ұялы байланысының ақысын төлеп беру туралы шешім қабылдады

Басқа бір компания аз қамтылған отбасыларға тегін интернет таратуда. 20 миллионға жуық адам жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініш білдірген.

Барлығы уақытша. Бұл да өтер…

— Қазіргі уақытта американдықтарды қандай тақырыптар толғандырады?

БАҚ-тағы тақырыптар күн сайын өзгеруде. Күні кеше адамдарды жаппай атысқа қатысты мәселеге алаңдаса, ал бүгін барлығы Трамп Меланияның  сәтсіз макияжын талқылауда.

Әнине барлығын қаржылық жағдай мазалайды. Үкіметтен жіберілетін Stimulus-чек қашан келеді, ипотекалық кредиттің мөлшерлемесі қашан төмендейді деген сұрақтар да бар

Әлеуметтік желілерде вирус туралы әзілдер өте көп. Менің ойымша, бұл бүкіл әлемді біріктіріп отыр. Бірақ бәрі де вакцина пайда болған соң бір айдан кейін ұмытылатынына сенімдімін.

— Карантиннің арқасында өзіңіз үшін қандай тәжірибе жинақтадыңыз?

—Менің ата-анамның тәжірибесі мен посткеңестік елдердегі өмір тәжірибесі маған осында өмір сүруге көмектеседі.

Мен әлемдегі жағдайға қарамастан әрдайым қолдау білдіретін отбасыма ризамын. Ең бастысы, туған-туыстарын, жақындарын қорғап, басқаларға көмек көрсетуді ешқашан ұмытпау керек. Сенің жапон, америкалық немесе қазақ екенің маңызды емес.

Бұл сынақта біздің жасаған амал-әрекеттеріміз, болашақ ұрпаққа қалады. Пандемиядан алған сабақтарымыздың алдағы өмірімізге пайдасы тиетініне сенімдімін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз