“Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ жаңа құрылымы бекітілді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
“Басқарма шешімі бойынша, “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат Қоры” АҚ жаңа құрылымы бекітілген. Жаңа құрылымға сәйкес, басқарушы директорлар саны 10-нан 5-ке дейін, департаменттер мен құрылымдық бөлімшелер саны 37-ден 27-ге дейін қысқартылды және басқарма төрағасының орынбасары қызметіне бір штаттық бірлік енгізілді”, — делінген хабарламада.
Жаңа құрылым биыл 11 қаңтардан бастап қызмет етеді.