Samruk-Kazyna Trust қоры еліміздің 9 облысына әлеуметтік қолдау көрсетеді. «Менің елім» бағдарламасы аясында шалғай елді мекендерде инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұл бағытта жыл сайын «Самұрық-Қазынадан» үш миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды 24.kz.
Дархан Қалетаев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры:
– Жаңартылып жатқан нарселер бұл тек қана спорттық нысандар ғана емес, бұл әлеуметтік жағынан да бар. Қазір мына инфузиондық мектептер де бар. Соған байланысты көптеген өзгерістер бар. Қазір біз Білім және ғылым министрлігі арқылы сол жағынан мәліметтер алдық, сол мәліметтердің арқасында дайындалып жатырмыз. Республика бойынша 100-ден астам мектеп бар. Ол жерде де медицина жағынан әлеуметтік жағынан жұмыс жасауға бағытталып жатыр.