Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Салақтатып…”. Ақтөбеде моншадан шыққан дауға имамдар еріксіз араласты (фото)

178

https://kaz.365info.kz/polu-halal-dintanushy-arakhsyz-otetin-turaly-shyndykhty-ajtty-video-329467

Ақтөбе қаласының қақ ортасында тұрған “мұсылманша” монша тек ер адамдарға арналған.

“Біз “бұл жерге тек мұсылмандар ғана кіргізіледі” деп, адамдарды бөле алмаймын. Моншаға түскісі келген кез келген адам кіре алады. Тек әуретті жауып жүретін мұсылманша тәртіп сақталу керек”, – дейді кәсіпкер.

Ал мешіт қызметкерлері халықты шошытып отырған моншадағы «мұсылманша» деген сөздің алынып тасталатынын айтады.

“Ислам – тазалыққа ерекше көңіл бөлген дін. Аталмыш тазалыққа қол жеткізу үшін адам өмірінде моншаның орны ерекше. Жалпы, шариғат талаптары бойынша қарайтын болсақ, әйел адам да, ер адам да моншаға түскен жағдайда әурет жерлерін (ұятты жерлерін) жауып жүруі тиіс. Яғни, жуыну кезінде жапқыш не шорты киюі қажет. Әйел мен ерлердің шомылатын бөлмелері бөлек болуы немесе белгіленген күндері болуы секілді талаптар сақталғаны жөн.

https://kaz.365info.kz/auyzga-aludyn-ozi-yyat-halal-shipazhajga-bargan-kelinshek-oz-kozimen-korgenin-ajtty-327536

Сонымен қатар, моншада ішімдік қолданылмауы тиіс. Қысқаша айтқанда, кәдімгі монша мен мұсылманша моншаның басты ерекшеліктері осында. Ал, енді атауына келер болсақ, елден ерекшелеп «мұсылманша монша» деп атаудың қажеті жоқ. Моншаның ережелеріне жоғарыда аталған талаптарды жазып қоюдың өзі де жеткілікті.

https://kaz.365info.kz/rykhsat-bergenimiz-zhokh-tugan-kynin-meshitte-tojlagan-anshi-kharakhat-imamdardyn-synynyn-astynda-khaldy-257466

Біз монша басшылығымен сөйлестік. Олар атауындағы мұсылманша деген сөзді алып тастайтын болды. Тек әурет жерлерді жауып тұратын шорты киіп кіру керектігін ережелерінде көрсететін болады”,- Ақтөбе облыстық орталық “Нұр Ғасыр” мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев.

Дерек көз: NUR.KZ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз