Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
15
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Салафизмнің ықпалына түскен әйел екі баласын алып, күйеуін тастап кеткен

Оның айтуынша 2016 жылдың наурызына дейін бәрі дұрыс болған. Бірақ, “әпкелерімен” үнемі байланысып тұрыпты. Сосын біртіндеп, ананы істеуге болмайды, мынаны істеуге болмайды, ол харам деп айта бастапты. Тіпті музыка тыңдап, мереке тойлауға да шек қоймақшы болады. Түнде теледидарды өшіріп тастап, балаларға тек діни әуендер тыңдатқан.

“Ол Алматыда тұратын кавказдық қыздармен араласып жүрді. Ол қыздың күйеуі Тәжікстаннан депортацияланған. Бір күні: “Мен енді мешітке бармаймын, ол жерде ханафи мазхабы, мен оған көндіге алмаймын, мен нағыз берілген мұсылман-салфитпін” деп айтты. Тіпті кешке терезені де ашпай, онда шайтандар ұшып жүреді дейді. Барлық безендірулерді алып тастап, тіпті неке сақинасын да шешіп тастады”, – дейді ол.

Ал әйелін имамға алып барған кезде, имам әйелдің әбден басы айналып қалғанын жеткізеді. Ақыры ұрсысып, әйелімен ажырасып тынған Ербол сотқа жүгінген. Ал әйел болса “қашан нағыз мұсылман боласың, сенімен сол кезде ғана қосыламын” деп шарт қойған. Ербол екі мәрте сотта жеңгеніне қарамастан, әйел әлі өз дегенімен жүрген көрінеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз