Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Сақал салығы…

І Пётрдің бұл ісі орыс қоғамын дүр сілкіндірді.

Сақалынан масқара жағдайда айырылып қалғандар өз-өздеріне қол сап жатты. Шіркеу қызметкерлері уағызынан жаңылысып, не патшаға жағуды, не дінге бағынуды білмей дағдарып, тіпті, елсізге қашып кетуге мәжбүр болды.

XVІ ғасырда Англия мен Францияны қарып өткен бұл “қатыгез салықтың” – XVІІІ ғасырда Мәскеу жұртына сүзектей боп тигені рас!Пётр патшаның бірінен соң бірі шыққан қатал заңдары – «орыстың ұлттық киімдерін сатуға, киюге» және «сақал қоюға» салынған тыйым болды.

Әрбір сырттан келген мұжық қалаға кіргенде және шыққанда “сақалақы” төледі. Әрбір мәскеулік орыс жылмиып еуропаша киініп жүруге міндетті болды. Жалаңдаған жандаралдар сақалды кісі көрсе, дереу ақшасын қағып алып, арнайы жетон ұстатып кететін-ді.

Басында әлеуметтің түрлі өкілдеріне әр түрлі бағамда салынған салық, кейінірек, 1715 жылы бірыңғай сақалды жан басына жылына 50 сом боп бекітілді.Бұл салық 74 жыл “өмір сүріп”, 1772 жылға дейін заңды күшінде болды…

Қанат Ескендірдің Фэйсбуктағы жазбасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз