Байға тиген Баян, дизайнерді шошқа деген Меруерт, оны сотқа берген Жадо туралы жаңалық қазаққа не береді? Осындағы жазбаларды оқысам бәріміз қазақты ойлаймыз. Өссек дейміз, өнсек дейміз.
Кредиттен құтылса дейміз. Үйлі болса дейміз. Бірақ, эфирімізді асүйде айтатын өсекке толтырып тастағанбыз. Оқырманға пайдалы дүние аз. Кейде мемлекеттік жобалардың насихаты кем дейміз. Түсіндіре алмайды екен. Бірақ біз сол туралы ақпарат іздеп, тауып, жинап, өңдеп ақысыз, пұлсыз насихаттауға, елге түсіндіруге дайынбыз ба? Кейде қаржы, банк өнімдері туралы ел білмейді дейміз. Соны сұратып, түсініп, оқырманға түсіндіріп жүргендер бар ма? Ақпарат сұратуға, тарату құқығы журналистерде ғана бар ғой. Билік айтпаса, банк айтпаса сұрап, біліп, зерттеп елге неге бермеске? Қашанғы қазақтың басына Баяндарды тыға береміз? Салалық болса бір жөн. Сайт, телеарна, газеттер жаппай шоуқұмар болып бара жатыр.
Ербол Азанбек
Facebook-тегі парақшасынан