Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Сайт иелерін бір жарым айдан кейін анонимді пікір үшін жазалайды

Сайтқа тіркелу бір жолғы sms-пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады. Sms-пароль үшін сайт иелері байланыс операторларымен келісім жасауы керек. Екіншісін қолдау үшін, ұлттық сертификаттау орталығының сайтына өту жеткілікті. Сайт пайдаланушылары ЭЦҚ арқылы тіркеледі.

Енді пікір жазушылардың ЖСН және телефон нөмірі белгілі болады.

Шенеуніктердің айтуынша, бұл заң Казнетті тәртіпке келтіруге көмектеседі. Бірақ, тәуелсіз сарапшылардың ойынша, бұл да әдеттегі саяси ойынның бір түрі.

“Наразылық акциялары әлеуметтік желілерде онлайн режимінде өтті. Онда «диванная оппозиция» көбейіп кетті. Үкімет те соған алаңдай бастады”, – дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Әзірше, kz доменді сайттарда аноноимді пікірлер жазылып жатыр. Алайда, Қазақстандық сайттарға заңға бағынуға тура келеді. Пайдаланушыларды ресми тіркеуге алып, реттеу үшін оларға бір жарым ай уақыт берілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз