Композитор Еркеш Шәкеев отбасының жақын досы Виктория Моминбаева Еркеш Шәкеевтің атынан facebook-тегі парақшасында үндеу жариялады.
«Мен, үлкен ұлым Сафардан айырылып қалған Еркеш Шакеев, өз отбасыма психологиялық жайсыздық тудыратын ақпараттың барлығын әлеуметтік желілерден алып тастауды өтінемін.
Сонымен қатар, сан-түрлі алып-қашпа әңгімелер туындамауы үшін, мен
ұлым Сафардың ажалы — абайсызда орын алған оқыс жағдайдың салдарынан болғанын ресми түрде мәлімдеймін.
Сафар Шәкеев Весновка өзенінің өзіне бейтаныс ең қауіпті жағасына тым жақын барған», – деп мәлімдеді Еркеш Шәкеев.