Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Сәбиін еденге атып ұрған әйелдің үш баласы да жетімдер үйіне берілуі мүмкін

Кеше кешкісін ювенал полиция қызметкерлері мен аудандық білім бөлімінің мамандары оны анасынан ажыратып алып кеткен. Қазір дәрігерлер сәбидің қаншалықты зардап шеккенін анықтап жатыр.

“Ираданың тәбеті жақсы. Ойнайды, күледі. Ешкімді жатырқамайды.  54/28 Бүгін таңертең баладан қанын алдық, зәрін алдық. Былай ешқандай шағым жоқ”, – дейді Талғар аудандық ауруханасы балалар бөлімінің меңгерушісі Ләззат Әкімханова.

Келгеніне бір-ақ күн болған Ирада емханадағы ең танымал бала екен. Дәрігерлер де, өзге ата-аналар да айналшақтап шықпайды. Ол да ешкімді жатырқайтын емес. Анасын іздеп жылап жатқаны да байқалмапты. Оны да осы уақытқа дейін тірі жан іздеп келмепті. Шешесі Марина тіпті нәрестесінің қайда жатқанын да білмейді екен. 5 жасар қызын жетектеп жол бойында кетіп бара жатқан жерінен оны журналистер кездестіріпті.

“Қызым кеше менің қасыма қонған жоқ. Мен оны қатты сағындым. Сусынын, йогуртын алып қойдым. Қазір киімдеріне бара жатырмын.  Өз ісіме қатты өкінем. Кешіріңіздерші мені. Мен екінші рет бұлай жасамаймын”,

– дейді Марина Тюменцева.

Етегі жасқа толған ана өзінің қатыгез әрекетін видеоға түсіріп бүкіл елге масқара еткен жігітінен кетіп қалғанын айтады. Құрбысының үйіне орналасып алған соң қызымды іздеймін деп отыр. Марина ғаламторда шу тудырған әрекетке баруына енесі мен бірге тұрған азаматты кінәлауда. Соларға ашуланып төсекте жатқан баланы лақтырып жібердім дейді. Және сол кезде ішімдік ішіп алғанын да мойындап отыр. Енді оның жағдайы мүшкіл

“Кәмелетке толмаған балаға күш қолданғаны үшін Марина Тюменцеваны ана құқығынан айыруы мүмкін. Оның тұрақты жұмысы да жоқ. Жиі ішімдік ішетіні де анықталды”, – деді Талғар аудандық ІІБ инспекторы Ханума Тасыбаева. Марина Тюменцеваның қылмысы дәлелденіп, ана құқығынан айырса оның үш бірдей баласы жетімдер үйіне жіберілуі мүмкін. Тиісті орындар жеті айлық Ирада және 5 жастар Таисамен қоса қазір әпкесінің қолында тұратын 12 жастағы ұлын да алып қояды. Ал анасынан оңбай таяқ жеген бейкүнә сәби тергеу аяқталғанша дәрігерлердің бақылауында болмақ

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз