Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Сабақ біткенін күттік…”. Қоғамдық көліктердің жолақысы 200 теңгеге қымбаттайды

Оның айтуынша, аталған шара көлеңкедегі айналымды төмендетіп, кейін автобус парктерін үлкейту мен жаңарту, жол жүрудің жайлылық деңгейін арттыруға жұмсалатын тасымалдаушылардың қазіргі табыстарын көбейтуге бағытталған.

«Astra Plat электронды төлем картасы бойынша жол жүрудің нақты бағасы – 120 теңге, ал қолма-қол ақшамен 170-200 теңге болады деп жоспарлануда.

https://kaz.365info.kz/onaj-onbajtyn-boldy-almatyda-konduktor-okhushy-khyzdyn-zhagyn-syndyrdy-video-287261

Тұрғындар үшін өзіндік құн мен нақты тарифтің арасындағы айырмашылықты қызмет сапасын арттыру, автобустарды күту уақытын азайту және тиімділіктің өзге де индикаторларын міндеттей отырып, тасымалдаушыларға субсидия берудің есебінде жабу көзделуде», – деді Бекмырза Игенбердинов.

Ол өз сөзінде тарифтер ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің бұйрығымен бекітілген, тұрақты бағдарлар бойынша жүктер мен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсету есебі Әдістемесіне сәйкес қаралғанын атап өтті. Аталған бұйрыққа сәйкес, тасымалдаудың өзіндік құны орташа есеппен барлық бағдар бойынша 301 теңгені құрайды.

«Жалпы, жол жүру бағасын көтерудің басты факторы дизельдік отын бағасының 40 пайызға, қажетті құрал-жабдықтардың бағасы 2014 жылмен салыстырғанда 1,5-2 есеге (сол кезде баға 90 теңге болып бекітілген) қымбаттауы болып отыр. Бұған қоса автобус парктері қызметкерлерінің айлық төлемақы деңгейін арттыру қажеттілігінің де әсері бар.

https://kaz.365info.kz/sekstin-sondaj-tyri-eken-avtobusta-arttan-khysatyn-manyaktar-zhyr-268343

Қазіргі тариф бойынша оны жүзеге асыру мүмкін емес. Мынаған назар аудара кету керек: аталған ақпарат келісілу сатысында және жуық арада қоғамдық кеңес пен қалалық мәслихат депутаттарының қарауына жолданады. Депутаттардың ой-пайымының есебімен түпкілікті шешім қабылданады», – деді «Астана LRT» басшысы.

https://kaz.365info.kz/naskii-sasityn-khyz-avtobusta-zhyrttyn-zhynyn-keltirdi-257761

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз