Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Сәнгер Лилия Рахтан жәбір көрген Өзбекстан азаматы шағымынан бас тартты

Бұл туралы КТК хабарлады. 

Салтанатты кештерден қалмайтын келіншекті бүгін оның достары мен клиенттері қолдауға келген. Ал Рахтың өзі осыдан 3 ай бұрын қамауға алынған болатын. Ол әлемдегі бренд маркалы киім-кешектерді Қазақстан нарығына алғаш әкеліп, фешн-индустрия саласында зор бедел жинаған еді. Дәл осы шүберектер үшін ол темір торға түсіп отыр.

Себебі, Өзбекстан азаматы одан қарызға ақша алып қайтармаған екен. Сол үшін Лилия Рах Мири Паз, Ислам Месіров және Бақыт Шалбаевпен бірлесе жалдамалы пәтер алып, оны тұтқында ұстапты.

Бірақ жәбір көрген Хамро Сувановтың өзі бүгін күтпеген жерден сәнгерге қатысты қылмыстық істі доғаруды сұрады. Айта кетейік, Лилия Рах «Sauvage» бутигінің иесі және 2015 жылы сән әлемінің 500 беделді тұлғасының тізіміне кірген.

photo_193069

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз