Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Сұмдық видеоның салдары: Қатыгез әйел аналық құқығынан айырылды, қызы балалар үйіне өтіп кетті

Нақтыланбаған мәлімет бойынша, әйелдің бұрынғы күйеуі баланы өз қолына алғысы келеді екен.

Ал баласын аяусыз ұрып-соққан әйел Павлодар мұнайхимия зауытында оператор болып жұмыс істейді.

Өз баласын ұрып-соғып, видеоға түсірген қатыгез анаға қатысты іс қозғалғаны белгілі. Бүлдіршінді анасының аяусыз ұрып-соғуы туралы видео Instagram әлеуметтік желісінде жария болған еді. Кадрлардан әйелдің бүлдіршінді видеоға түсіре отырып, бетінен, басынан ұрғанын көруге болады. Кейін тамағынан қысып, жылап жатқан баланың үнін өшіргісі келеді. Әйел мұнысымен де тоқтамай, бүлдіршінді ұрғылай береді. Кадр сыртында “Мама, тоқтат!” деген тағы бір қыздың даусы естіледі. Қыз шешесін тоқтатпақ болады, бірақ анасы оның сөзіне құлақ аспайды.

Кейін Павлодарда қызды ұрып-соққан видеоны таратушы оқиғаның мән-жайын айтып берген еді.

Нүргүл үлкен қызы Айғаныммен

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз