Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Сұмдық! Батыс Қазақстанда ұсталған лаңкестер Ислам мемлекетінің ақпаратын негізге алып отырған

«Батыс Қазақстан облысында ұсталған радикалдар өздерінің қылмыстық пиғылдарында интернеттегі ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымының ақпараттарын негізге алып отырған. Лаңкестік қызметті атқару үшін шетелден қаржы жіберілгендігі және өзге де көздерден қаражат болғаны туралы ақпарат анықталған жоқ», – делінген комитеттің берген жауабында.

Сонымен қатар, хабарланғанындай, оларда діни және рухани көшбасшы болмаған. «Ұлттық қауіпсіздік органдары тамыз айында БҚО-да ұсталған радикалдар халықаралық лаңкестік ұйымдармен байланысы туралы ақпаратқа иелік етпейді. Лаңкестік үшін қажетті қаруды олар оқ-дәрі сақтау орындарына шабуыл жасау арқылы алуды жоспарлаған», – деп атап өтті ведомстводан.

Айта  кетейік, бұның алдында, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 12-30 тамыз аралығында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары аумағында үш радикалды топтың іс-әрекеттеріне тосқауыл қойғанын хабарлады.

Батыс Қазақстан облысының 10 тұрғыны және Ақтөбе облысының 11 тұрғыны қамауға алынды.

20160905181048

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз