Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
429
+2.03
EUR
500
+3.00
RUB
5.44
-0.06

Сұмдық апаттар болған Оңтүстік жолдарын Ішкі Істер министрлігі қатаң бақылауға алды

«Ташкент –Термез» күре жолындағы айналдырған 20 шақырымдық бөлігінде 4 күн ішінде 12 адамның өмірі қиылды. 19 қыркүйек күні мұнда 20 шақты жолаушыны әкеле жатқан шағын автобус алдындағы көліктен озбақ болғанда қарсы беттегі «Тойотамен» соқтығысқан. 6 адам қаза тауып, 16-сы әлі ауруханада жатыр. Тағы екі күннен кейін «Фольксфаген» жеңіл машинасы Өзбекстаннан жұмысшыларды әкеле жатқан «Киа» шағын автобусымен соқтығысып, екі адам сол жерде тіл тартпай кеткен болатын.

Біреуінің тіпті басы жұлынған. Ал күні кеше ғана мұнда өзінің үйлену тойына асығып келе жатқан жігіт «Мерседесімен» жол жиегінде тұрған «Газельге» соғылды. 25 жастағы күйеу жігіт пен оның қос қарындасы және досы сол жерде тіл тартпай кетті. Төртеуі де бүгін жер қойнына тапсырылды. Осы жол апаттары бойынша тексеруді қолға алған министрлік оңтүстіктегі бірқатар шенділерді жазалауға бел буып отырған сыңайлы.

photo_160380

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз