Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Сүйінші! Қытай архивінен қазақ хандарының хаттары табылды

287

Ғалымның айтуынша, мұрағаттағы қазаққа қатысты құжаттар 3 мыңнан да асады. Ғалым болашақта бұл құжаттарды зерттеп, не жазылғанын анықтап, ғылыми айналысқа енгізуді жоспарлап қойыпты.

Әзірше зерттеген 67 құжаттың ішінде 1758 жылы Қабанбай батырдың Чиң патшасына жазған хатынан бастап, кейінгі Әбілпейіз хан, Болат хан, Абылай хан, Уәли сұлтан және олардың балаларының Қытай билеушілерімен алмасқан хаттары да бар.

Ал екінші кітапта қазақтың ежелгі жазба тілі лингвистикалық тұрғыда зерделенеді. Аты айтып тұрғандай, бұл еңбектен халқымыздың ежелгі жазба тілі, шағатай, төте жазуларының ерекшеліктері сарапталған.

Дүйсенәлі Әбділәшімұлының бұл еңбектері өткен жылы Қытайда жарық көрген. Ал Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Орынай Жұбаева Қытайға барған сапарында осы кітаппен танысып, оның елімізде шығуына ұсыныс жасапты. Автордың өз қаржысына құнды кітап 500 данамен жарық көрген. Ғалым ұзақ уақыттан бергі зерттеулері нәтижесінде Жапонияның Киото университетінде “XVIII-XIX ғасырлардағы қазақша мұрағат құжаттары туралы тарихи дерекнамалық зерттеу” атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған.

Ол бұдан кейін тағы да ондаған жылдар зерттеген еңбегінің басын біріктіріп, екі кітабының тұсаукесерін өткізді.

Бұл кітаптардың алғашқысы “Жұңго бірінші тарихи мұрағатында сақталған қазақша құжаттар” деп аталса, екіншісі, “Ескі қазақ жазба тілі” деген атпен “Елтаным” баспасынан жарық көрген.

Бірінші кітап Қытайдың аталмыш тарихи мұрағатында сақталған XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ батырлары мен хандарының сол кездегі Чиң патшалығы аталған қазіргі Қытай билеушілеріне жазған хаттардан құралған. Нақты айтқанда, 67 хат-құжат. Шағатай және төте жазуымен жазылған ол хаттардың көшірмесі кітапқа нақты дерек ретінде енгізілуімен құнды болып отырғанын жазады басылым.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз