Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісованың тағдыры бәрімізге мәлім. Жалғыздықпен талай жылдар бойы дос болған Мақпал Жүнісованың қызы Мерей анасының тұрмыс құруына рұқсатып берген екен. Бірақ, тым кеш…
Әнші жан сырын comode.kz сайтына берген сұқбатында айтқан.
https://kaz.365info.kz/basta-shlapi-kholda-zhelpuish-makhpal-zhynisova-zhanar-ajzhanovanyn-tojynda-bidin-tybin-tysirdi-video-301079
«бұл үйге әкемнен басқа еркек керек емес. Маған бөтен папа қажет емес» деп қатты жылады.
Ол кезде енді тұрмысқа шығамын деп жүрген жігіт те жоқ, жай ғана баланың ойын білейін деген едім. Мерейімнің сол сөздері төбемнен суық су құйғандай болды», – деген елдің еркесі сол уақыттан бері бұл тақырыпты қозғамапты.
Ал Мерей бойжетіп қалған шағында анасына: «Мама, көңіліңіз қалаған азамат болса қарсы емеспін. Қашанғы жалғыз жүресіз?» – деген екен.
«Қызымның ниетіне алғысымды білдіріп, қазір кеш екенін айттым. Мен бүгінгі күні жалғыздыққа үйрендім. Өзім ер, өзім әйел болып жауапкершілікті арқалауға да бейімделдім. Енді маған бөтен еркектің қажеті жоқ.
Оның үстіне Зәкеңнен басқаны сүйе алмаймын”, – деп сөзін аяқтады Мақпал Жүнісова.
https://kaz.365info.kz/kimnen-kelgen-bejtanys-bireu-makhpal-zhynisovaga-hat-zhiberipti-foto-300402