Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Рұқсат берген жоқпыз”. Туған күнін мешітте тойлаған әнші Қарақатты имамдар сынап тастады

331

Өнерде есімдері елге мәлім, орамал таққан қыз-келіншектер жай жерде емес, мешіт астындағы мейрамханада ән салған деп хабарлады КТК телеарнасы.

Аста-төк дастарханның басында жалғыз еркек, туған күн иесі Қарақаттың жары Қыдырәлі Болманов қана болды. Оны да қыз-қырқын домбырамен емес, даңғаза әнмен қарсы алып жатыр. Халықты ашындырғаны да осы. Мешіт қызметкерлері танымал әншіге туған күнін әрі кетсе ұлттық аспаппен сүйемелдеп, адал жолмен атқаруына рұқсат беріпті.

Қуат Мінуаров, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб-имамы:

-Қарақат ханым “құрсақ шашу” дәстүрін жаңғыртамын деп рұқсат алған болатын. Ол жерде біздің ұстазымыз уағыз айтты. Алайда соңғы жағы Қарақаттың әндеріне ұласты. Алайда біз оған рұқсат бергеніміз жоқ.

Дегенмен, әншінің өзі Алла үйінде ән салғаннан әбестік көрмейтін сыңайлы. Тіпті ол ниетім түзу еді деп ақталды.

Қарақат Әбілдина, әнші:

– «Өзім аяғым ауыр болған соң ба білмеймін, жүрегім бір тазалықты қалады. Туған күнімді таза жерде мешіттің мейрамxанасында өткізуге аңсарым ауды. Ішімдегі періштем тазалықты сезінсін, құранның әуезіне балқысын деген әппақ ниет еді. Тек қана қыздар бас қосып, төгілтіп орамалдарын тағып келсе, елдің алдында жүрген арулар ақ жаулықтарымен отырса қазақтың қанша қыздарына үлгі де болады ғой деп ойладық»

Мешіт астындағы мейрамханада құдайы ас беруге, ораза кезінде ауыз аштыру, түрлі той-домалақтар өткізуіне рұқсат бар. Ас мәзірі 2 мың теңге мен 6 мың теңге аралығында. Басты талап іс-шаралар шариғат шеңберінен аспауы керек. Яғни дастарханға ішімдік қойылмауы тиіс, эстраданың сүйемелдеуімен ән айтылмауы керек.

Ал дінтанушылар мұндайға мүлдем жол берілмеуі тиіс дейді.

Кеңшілік Тышхан, дінтанушы:

-Бұндай іс-шараларға “халал” деп ат қою дұрыс нәрсе емес. Жалпы дін деген судың бөгені сияқты нәрсе. Оған иненің көзіндей тесік ашсаң, бөген бұзылады.

Ал Қарақат Әбілдинаның «қазақтың қыздарына үлгі болады ғой деп ойладық» дегені, дінбұзар өнеге болуы мүмкін дейді мамандар. Енді осы даудан кейін “Әзірет Сұлтан” мешіті осындай отырыстар кезінде даңғаза әннің қосылмауын қатаң қадағаламақ.

Қарақаттың туған күні туралы әлеуметтік желідегі бұдан басқа видеолар өшіріліп тасталыпты.

https://www.instagram.com/p/BSjGxL9AxdJ/

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз