Ресей мемлекеттік Russia Today медиа тобы бұдан былай британдық Reuters агенттігінің видеоматериалдарын сатып алмайтын болады. Таяуда ғана Reuters агенттігі АҚШ-тағы президент сайлауына Ресейдің араласқаны жөнінде арнайы материал дайындаған.
Видеоматериалдарды сатып алу жөнінде алдын ала келісілген, 1 мамырда күшіне ену керек болған. Бірақ енді қол қою рәсімі өтпейді деп хабарлайды Reuters.
Reuters дереккөзіне қарағанда, негізінен екі құжат әзірленген. Біріншісінде, Кремльге ыңғайлы кандидат туралы жағымды пікір қалыптастыру. Екіншісі— сайлаудағы заң бұзушылықтар туралы ақпарат тарату. “Ыңғайлы кандидат” туралы жағымды пікір қалыптастыруды Russia Today телеарнасы мен Sputnik ақпараттық агенттігіне тапсырылған деп жазады Reuters.