Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Руслан Күлікбаев: “Сот пен полициядан кек алғым келді, бейбіт тұрғындарға оқ атқам жоқ”

Өз сөзінде Күлікбаев бала кезінен кәсіби түрде кикбоксингпен айналысқанын айтқан. Тіпті, облыстық жарыстарда өнер көрсеткен екен. Алайда жүлделі орындарға ілікпепті. 

– Әскерде болған жоқпын, бірақ аңшылық қабілетім жақсы дамыған. Себебі, бұдан бұрын кәсіби түрде пейнтболмен айналыстым.

Мен шынымен де соттардан, прокурорлардан және полициядан өш алғым келді. Себебі, мені әділетсіз түрде түрмеге жапты.

Алдымен мен Алмалы аудандық сотына бардым, бірақ ол жақта форма киген ешкімді кездестіргем жоқ. Осы арадан Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына тура тартып, посттан сыртқа шығып келе жатқан адамды аттым. 

Сосын басқа полицейлерге оқ жаудырдым. Мен форма кигендерді ғана көздедім, бейбіт тұрғындарға оқ атқан жоқпын, – дейді полицейлерден бөлек бейбіт екі тұрғынды өлтірген Күлікбаев. 

Ал жезөкшенің өлтіруіне қатысты қаскөй мынадай түсініктеме беріпті:

 “Бұдан бұрын мен онымен және оның құрбыларымен кездесіп, істерінің харам екенін айтқам. Оның үстіне, бұл қасиетті Рамазан айы болатын. Олар маған құлақ асқан жоқ. Міне, сол кезде оны атып өлтірдім. Макаров тапаншасын көшеден тауып алдым, қай жерде екені есімде жоқ…”. 

Күлікбаевтың қолында болған екі қаруды да полицейлер тексеріп үлгеріпті, екеуі де еш жерде тіркелмеген және басқа қылмыстарға қатысы жоқ. 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз