Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Руслан Ерданаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Айта кетелік, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ басқармасының төрағасы Руслан Ерденаев, сонымен қатар осы қордың Тәуекелді басқару департаменті қаржылай тәуекел басқармасының бастығы Мұса Бахтов, «АлатауМұнайАлтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаев, «Бузгул Аурум» ЖШС директоры Найзағариндер қасақана ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-тармағы 2-тармақшасы, яғни „Біреудің сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу„ бойынша айып тағылуда.

Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы департаменті БЖЗҚ-ның құны 5 млрд теңге болатын келісімшартын тексеріп жатыр. Белгілі болғандай, ҚР Ұлттық банкі БЖЗҚ-ның «Бузгул Аурум» ЖШС-ы облигацияларын сатып алғаны жайлы шағым түсірген. 21-желтоқсаннан бастап Ұлттық банктің қатысуымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның әрекеті тексерілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз