Қоштасу рәсімінде ел астанасы Бухарест көшесіне мыңдаған адам жиналды.
Патша өткен жылы дүниеден озған жұбайы патшайым Аннаның қасына жерленді деп хабарлады Би-би-си.
Айта кетейік, Михай І патша өткен аптаның бас кезінде 97 жасқа қараған шағында дүние салды. Ол Румынияны 2 рет – 1927-1930 және 1940-1947 жылдары басқарған.
Содан кейін билік басына коммунистер келіп патшаны тақтан тайдырды. Қуғынға түскен Михай І осы режим құлағанға дейін өмірінің көп жылдарын Швейцарияда өткізген.