Қостанай облысы Рудный қаласында 2017 жылы туған бала құбыр жүргізіп жатқан топыраққа басылып қалған. Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 тамызда 50 лет Октября көшесінде болған.
Құтқарушылар мәйітті үйінді астынан алып шықты. Ол кезде нысанда жұмысшылар болмаған. Куәгерлер бала 30-40 минуттай жер астында жатқанын айтты.
«Осы факті бойынша полиция қызметкерлері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе нормативтік талаптарды бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. оның қорытындысы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, ол бойынша тиісті процессуальдық шешім қабылданады», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Бейнекадрдан жақын туысының іздеу жұмыстарын болғанын және балаға жан ұшыра жүгіргенін байқауға болады.