Рудный қаласы әкімінің орынбасары Доспулов пара алып жатқан жерінен ұсталды.
Қылмысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының Қостанай облысындағы департаментінің қызметкерлері әшкерелеген.
“ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Рудный қаласы әкімінің орынбасары М.Доспуловтың 15 миллион теңге көлемінде пара алғанын әшкереледі. Ол “Өркен” ЖШС мердігерлік компаниясының директоры У.Мұсралиевтан “Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасы аясында құбыр жүргізу жұмыстарына қатысты мәселелерге болысу үшін ақша алған”, – делінген ұлттық бюроның баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.