Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Роза Рымбаева ұлы – Әлидің үйленгені туралы хабарды қуана қабыл алғанын айтты

497

Бұл желдірме сөзге қатысты Роза Рымбаева апайымыз мәлімдеме жасады деп хабарлады Stan.kz.

“Биылға әзірше ондай жоспар жоқ. Егер де кез келген уақытта Әли өзінің қалыңдығын алып келіп: «Мама, осындай шешімге келдік, біз үйленеміз» десе, мен дайынмын. Мен оны балама күнде айтамын”, – деді Халық әртісі Хит-ТВ арнасына.

Роза Қуанышқызы өзі қарапайым отбасыдан шыққандықтан, болашақ келінінің де сондай болғанын қалайды. Лажы болса, дәрігер не мұғалім болса, тіпті жақсы дейді ол. Өйткені кәсіби музыканттарға төреші болар жан керек.

«Дәрігер, не мұғалім болса, ол біздің отбасымызда ерекше мамандық болады ғой. Себебі біздің жанұямызда барлығы музыкант. Мен де, Әли де, Мәди де – үшеуміз де кәсіби маманбыз. Біздің әңгімеміздің бәрі музыканың айналасында. Біздің көретін, бізді қызықтыратын нәрсенің барлығы – өнер мен музыка. Ал басқа мамандық иесі келсе, ол біз үшін өте пайдалы дүние», – деді Халық әртісі ағынан жарылып.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз