Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Роза Рымбаева отбасындағы жағдай туралы: «Әли жұмыссыз, Мәди студент»

1192
Сурет әлеуметтік желіден алынды
Коронавирустың кесірінен әртістердің қызметі тоқтап қалғаны бәріне аян. Наурыз айынан бастап шоу-бизнес жұлдыздарына бұқаралық іс-шараларды өнер көрсетуге тыйым салынды. Қазір жағдай біршама жақсарса да, адамдардың көбі қараша айында коронавирус инфекциясының екінші толқыны басталады деп алаңдап отыр.

Карантин кезінде барлығының жағдайы қиындады, көбі табысын жоғалтты. Мәселен, танымал әнші Роза Рымбаева оның отбасы мүшелерінің барлығы жұмыссыз қалғанын жасырмай айтып берді.

Әнші бұған дейін де концерттерден басқа табыс көзінің жоқ екенін бірнеше рет айтқан болатын. Ол зейнетте болғандықтан, сахнаға шығып қана қосымша табыс тауып келген.

«Біріншіден, мен зейнеттемін. Маған ешкім ешқандай жәрдемақы берген жоқ. Әли де жұмыссыз отыр… Мәди студент. Оған екі рет берді [42 500 тенге — ред.]. Әлиге бір тиын да төлеген жоқ. Сондықтан біздің отбасымыздан студент ретінде Мәди ғана алды», — деді Роза Қуанышқызы «Жұлдыздар Жарқырайды» бағдарламасына берген сұхбатында.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның үлкен ұлы жаздың соңында Ақерке Бүркітбаймен отбасын құрған еді. Осын күнге дейін жастар өздеріне қатысты ешқандай ақпарат бермей келеді. Алайда Роза Рымбаева келінінің отбасымен қалай танысқанын айтып, халыққа жақсы жаңалығын жариялады. Оның айтуынша, Қыз ұзату тойын Атырауда, жақындарының ортасында өткізген.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз