Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Роухани мен Ердоған: Күрдістан референдумына қарсы “шара” жасаймыз

Ирактың Күрдістан автономиясында 25 қыркүйекте тәуелсіздік алу жөнінде референдум өткен. Автономия билігі дауыс беруге қатысқандардың 92 пайыздан астамы “тәуелсіздікті қолдағаны” туралы хабарлаған.

Бағдадтағы орталық билік, АҚШ, Батыс елдері мен БҰҰ референдумды қолдаған жоқ. Күрд диаспорасы тұратын Түркия мен Иран да дауыс беруге ашық қарсы болды. Бірақ күрд жетекшілері референдумды дербес мемлекет құру келіссөзін бастауға мәжбүрлеу үшін пайдаланатындарын мәлімдеді.

Ердоған референдумды “заңсыз” деп атап, “осы кезден бастап батыл шаралар жасайтынын” айтты.

Бағдад Күрдістан басшылығына санкция салатынын, халықаралық деңгейде оқшаулайтынын және қажет болса әскер кіргізетінін ескертіп, референдум нәтижесін жоюды талап етті. Ирак әскерилері таяуда Түркия және Иран қарулы күштерімен бірігіп әскери жаттығу өткізді.

Дереккөз: Азаттық

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз