Рио Олимпиадасының соңғы күні Қазақстанның құрамасын медаль саны бойынша жалпы есепте Өзбекстан басып озды. Олимпиаданың қорытынды кестесінде біздің құрама 21-орыннан 22-орынға жылжыды.
Еске сала кетсек, Олимпиаданың соңғы күні Өзбекстан құрамасы бокстан 2 алтын медалға қол жеткізді. 52 келіге
дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан боксшы Шахобидин Зоиров финалда ресейлік Михаил Алоянды 3:0 есебімен ұтты.
Өзбектердің қоржынында – 4 алтын, 2 күміс және 7 қола жүлде бар.